Түркиядағы фейерверк фабрикасында жарылыс болды

САКАРЬЯ. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияның солтүстік-батысындағы Сакарья провинциясы Хендек ауданындағы фейерверк шығаратын фабрикада жұма күні таңертең жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркиядағы фейерверк фабрикасында жарылыс болды

Мекеме басшылығының айтуынша, жарылыс болған сәтте өндіріс алаңында 150-200 адам болған.

Жарылыстың даусы 50 шақырым жерге дейін анық естілген.

Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.