21:01, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Түркиядағы халықаралық турнирде Ескендір Әбілхайыр алтынға ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас таеквондошы Ескендір Әбілхайыр Белек қаласында өтіп жатқан Тurkish Open турнирінің алтынына ие болды, деп хабарлады таеквандо қазақстандық федерациясы.

15 ақпанда турнир аясында жастар арасында жарыс өтті. Онда 68 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбілхайыр Болгария, Түркия және Норвегия өкілдерінен басым түсті. Нәтижесінде спортшы жеңіске жетті.
Еліміздің тағы бір өкілі Рабиль Сағитжанов та жақсы нәтиже көрсетті. Төрт түрік өкілін жеңген қазақстандық финалда ирандық Амир Валипоурудан ғана жеңілді. Нәтижесінде екінші орынға тұрақтады.
Жарыстың соңғы күнінде чемпионаттың үздік спортшылары анықталады.
Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық таеквондошылар ересектер арасында үш медальға ие болды.