Түркиядағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 90 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс кезінде қаза тапқандардың саны 90 адамға жетті.
Anadolu агенттігі хабарлағандай, Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс кезінде 90 адам қаза тапты, 1154 түрлі жарақат алды.
Осыған дейін түркиялық полиция басшылығы Анкарада әскери полицияның штаб-пәтерін басып алу әрекетінде 16 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған.
Қаза тапқандардың ішінде төңкеріске қатысқан бір генерал бар, деп жазады РБК.
Осыған дейін билік мемлекеттік төңкеріске қатысқан 1563 әскери ұсталғанын хабарлады. Олардың ішінде Анкарадағы Бас штаб ғимаратын бақылаған 200 сарбаз, Ыстамбұлда Босфор арқылы өтетін көпірді жапқан 50 әскери бар.