Түркиядағы Қазақстан азаматтары сайлауға белсенді қатысып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Қазақстан Елшілігі жанынан, Стамбұлдағы Бас Консулдық пен Анталиядағы ҚР Консулдығында ҚР Президентінің сайлауына байланысты сайлау учаскелері (№236 Анкарада, №205 Стамбұлда және № 246 Анталияда) құрылды.

Түркиядағы Қазақстан азаматтары сайлауға белсенді қатысып жатыр

Елшіліктен хабарлағандай, кезектен тыс сайлауға дайындық кезінде Түркияда уақытша тұрып жатқан ҚР азаматтары арасында үлкен жұмыс жүргізілді. «Анкара сайлау учаскесі дауыс беру үрдісіне толық дайын. Алғашқы сайлаушылар жергілікті уақытпен сағат 07.30 дауыс берді», - деді № 236 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы, Түркиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-елшісі Әлімхан Есенгелдиев. Анкара, Стамбұл және Анталия қалаларында дауыс беру үрдісі 26 сәуірде Анкара уақытымен сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілді.