Түркиядағы қырғыз қауымдастығы хан шатырын тікті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы қырғыз қауымдастығының өкілдері Ван провинциясындағы Эрджиес ауданына түркі халықтарының тарихи дәстүрі мен мәдениетін бейнелейтін хан шатырын тікті, деп хабарлайды Анадолы.
Жергілікті тұрғындар екі мың жыл көлемінде ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан түркі халықтарының тұрмыс-салтын тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Ауғанстандағы Памир үстіртін мекендейтін қырғыз ауылдары 36 жыл бұрын Түркияға қашуға мәжбүр болған. Олардың көбі Улупамир ауданына қоныстанған.
Хан шатыр идеясының авторы Кенан Айтачтың айтуынша, бұл жоба Түркияның шығысындағы туризмді дамытуға және қырғыз халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттауға бағытталған.
«Халық мәдениетімізге қызығушылық танытып жатыр. Шатыр құрылғаннан кейін біздің ауданға келетін туристер саны 10 есе өсті. Алдағы уақытта туристер шатырға түнеу мүмкіндігіне де ие болады»,-дейді Айтач.
