08:18, 18 Ақпан 2017 | GMT +5
Түркиядағы лаңкестік жарылыстан 2 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Шанлыурфа провинциясына қарасты Вираншехир ауданында жарылыс болды. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы Ntv Haber-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша 20:45-те болған. Лаңкестер жарылғыш зат тиелген көлікті жарып жіберген. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 15-і жараланды. Қаза тапқандардың бірі - 11 жастағы бала.