Түркиядағы тау-шаңғы орталығында шатыр құлап, 8 адам зардап шекті
АНТАЛИЯ. Анадолы- ҚазАқпарат – Түркияның Антальяда қаласындағы «Саклыкент» тау-шаңғы орталығында жауған қалың қар салдарынан туристік нысандардың бірінде шатыр құлап, сегіз адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Зардап шеккендерді үйінділер мен қар астынан жандармдарн, нысан қызметкерлері және туристер алып шықты. Шаңғы орталығына Төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету басқармасының (AFAD) бригадалары мен дәрігерлер де келді. Жарақат алғандар тікұшақпен Акдениз университетінің ауруханасына жеткізілді.
Сакликент шаңғы орталығы Анталя провинциясының Коньяалти аймағындағы Бейдаглары тау жотасында орналасқан.