Түркиядағы терактіні жасөспірім жасаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласындағы терактіні жасаған жанкештінің жасы 12-14 шамасында болған. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осылай мәлім етті. Оның айтуынша, жарылғышты жанкештінің өзі немесе басқа бір адам іске қосқан.

Түркиядағы терактіні жасөспірім жасаған

Шабуыл неке тойы кезінде жасалған. Салдарынан 51 адам қаза тауып, тағы 69 адам жарақұат алды, оның 17-і ауруханада ауыр халде жатыр. Оқиға орнынан жанкештінің белдігі табылды.

Әзірге лаңкестік топтардың ешқайсысы террорлық актіні мойнына алмады. Алайда Ердоған шабуылды ДАИШ ұйымдастырды деп мәлімдеді. «Еліміз бізге шабуыл жасағандарға тек: «сендер мақсаттарыңа жете алмайсыңдар!, деп жауап қатады» - деді түрік басшысы.