Түркиядағы толқулар тынышталмай тұр

Енді, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіподағы да ереуілге шығатындығын мәлім етті.
Бүгінде Түркиядағы толқуларда қаза тапқандар туралы ақпарат тарала бастады. Әзірге, 20 жастағы түрік азаматының өлімі ресми түрде расталып отыр. Ол бүлікшілерге қарсы үлкен жылдамдықпен жүріп соғылған таксистің кесірінен қайтыс болды. Одан бөлек, тағы төрт адам жарақат алды. Жалпы, Түркияның Анкара, Измир, Ыстамбұл қалаларында болып жатқан наразылық акциялары барысында ондаған адам жарақат алып, тұтқынға түскендердің саны 2 мыңға жетті.
Енді, Түркиядағы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіподағы да ереуілге шығатындығын мәлімдеді. Бүгін-ертең, 4-5 маусым күндері олар «ескерту ереуіліне» шықпақ. Кәсіподақ басшылары бүгінгі биліктің әрекетін «мемлекеттік лаңкестікке» балап, «Әділеттілік пен даму» партиясын «демократияның жауы» деп атады. Түркияның премьер-министрі Реджеп Ердоған болса, оның барлығын экстремистік топтардың арам пиғылымен байланыстырып отыр.