Түркиядағы төтенше жағдай режімін ұзарту күшіне енді

19 қазаннан бастап Түркия аумағында төтенше жағдай режимінің ұзартылуы күшіне енеді. Бұл туралы қазан айының басында ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлім етті. Ол бұл режім алдағы уақытта ұзартылуы мүмкін екенін мәлім еткен болатын.
Анкарада «халықтың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында» 2016 жылдың қараша айының соңына дейін кез келген бұқаралық жиын мен митингтерді өткізуге тыйым салынды. Биліктің мұндай шешімді қабылдауына төтенше жағдай режимінің ұзартылуы ғана емес, күш құрылымдарында елорда мен провинцияларда теракт дайындалып жатыр деген ақпараттың пайда болуы себеп болды, деп хабарлады Daily Sabah басылымы.
Төтенше жағдай режімі 15 шілдеде болған әскериі төңкерістен кейін енгізілді. Шерушілерді қолдады деп айыпталған 30 000 астам адам түрмеге қамалды. 60 000 астам адам жұмыстан шығарылды. Оның ішінде әскерилер, полицейлер, оқытушылар, журналистер бар.