Түркиядағы турнирде қазақстандық жеңіл атлеттер төрт медаль еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Түркияда халықаралық турнирге қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Түркиядағы турнирде қазақстандық жеңіл атлеттер төрт медаль еншіледі

Жарыс нәтижесі бойынша Римма Кашафутдинова (100 м) мен Аделина Ахметова (400 м) топ жарды. Диана Нүсіпбекова мен Виталий Зевс (200 м) күміс жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сондай-ақ, Вячеслав Зевс (400 м) пен Владислав Григорьев (100 м) байрақты бәсекені төртінші орынмен аяқтады.