Түркиядағы Ван көлінің түбінен 3 мың жыл бұрынғы қамал табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Ван көлін зерттеген археологтар командасы көлдің түбінен қираған ірі қамалды тапты. Ғалымдардың бағалауынша, ол 3000 жыл бұрын тұрғызылған, деп хабарлайды Hurriyet daily news.
Бұл өзендегі суасты археологиялық жұмыстары 10 жылдан бері жүргізіліп келеді және көптеген жаңалықтардың ашылуына мүмкіндік берді. Зерттеушілер ілменақыштар, өзге де сол замандағы құралдар, маржандар мен ұзындығы 10 метрлік сталагмиттер тапты.
Бұл қамал осы аумақта біздің заманымызға дейінгі XIII-VIII ғасырларда мекендеген Урарту патшалығы кезінде салынған. Белгілі бір уақытта көлдегі судың деңгейі жоғарылап, жағалауда тұрып жатқан адамдар қамалды тастап кетуге мәжбүр болған.