Түркиядағы зауыт жарылысы салдарынан бір адам мерт болды, 28-і жарақат алды
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Түркиядағы пиротехнилық зауыттың жарылысы салдарынан 1 жұмысшы мерт болды, кемі 28 адам жарақат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін Түркияның солтүстік-батысындағы Хендек қаласында орын алды. Жергілікті өкімет орындарының хабарлауынша, жарылыс өрттің туындауына әкелген, бірақ ол тез сөндірілді. Оқиға себептеріне тергеу жүргізілуде.