Түркиядағы жарылыс: қаза тапқандар саны 86 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда сенбі күні таңертең болған екі жарылыс салдарынан құрбан болғандар саны 86 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС.
Елдің ұлттық денсаулық сақтау министрі Мехмет Мюэззиноглудың айтуынша, 186 адамға ауруханаларда көмек көрсетілуде, 28 адам ауыр халде жатыр.
Зардап шеккендердің арасында 9 полиция қызметкері бар, деп хабарлады Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Селями Алтынок.
"Мәскеу уақыты бойынша сағат 10:04-те бірінші жарылыс болды, үш секундтан соң екінші жарылыс орын алды. Оқиға орнында басқа жарылғыш заттар табылған жоқ. Қаза тапқандар арасында полиция қызметкерлері жоқ, бірақ 9 полицей оқиғадан жапа шекті ", - деді Алтынок.
Жарылысты террористің жасағаны туралы нұсқаға қатысты ол тергеу амалдарының жалғасып жатқанын айтты: «оның қорытындылары бойынша жарылыстың себептері туралы ақпарат берілетін болады», деді ол.
Еске сала кетейік, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Түркияның Анкара қаласында орын алған жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтау жұмыстарын жүргізуде.