Түркиядағы жарылыс: Құрбандар саны 30 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Газиантеп қаласындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті, 94-і жарақаттанды.
Бұл туралы АР провинция губернаторы кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады.
Бұдан бұрын 22 адамның ажал құшқаны мәлімделген болатын.
Еске сала кетсек, жарылыс Түркияның оңтүстігінде орын алды. Жанкешті-лаңкес Сирия шекарасына таяу маңдағы Газиантеп қаласында болған үйлену тойы рәсімінде өзін-өзі жарып жіберген еді.