Түркиядағы жарылыстан 64 адам жараланып, тоғыз адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысындағы Ширнак провинциясы Жизра қаласындағы полиция бақылау-өткізу бекетінде болған жарылыстан ең кемі тоғыз полицей қаза тапты, 64 адам түрлі жарақат алды, деп Reuters агенттігіне сілтемемен ТАСС агенттігі хабарлады.
Бұған дейін хабарланғандай, бақылау-өткізу бекетіне мина қойылған автокөлік баса-көктеп кірген. Ширнак провинциясы Сириямен және Иракпен шекара маңында орналасқан, онда күрдтердің елеулі бөлігі өмір сүреді.
Шабуылшылар Жизра уезіндегі полицияның тексеру бөлімшесіндегі көлікті жарып жіберген. Бұл бақылау-өткізу бекеті өңірлік полиция ғимаратынан 50 метр жерде орналасқан. Ғимараттың алды толықтай дерлік қирады.