Түркиядағы жарылыстан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексерілуде - ҚР СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Анкара қаласында орын алған жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазіргі уақытта Түркияның Анкара қаласында орын алған 2 жарылыстан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтау жұмыстарын жүргізудеміз», - деп хабарлады министрліктен.
Айта кетейік, бүгін Анкарада «Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруі кезінде 2 жарылыс орын алған болатын. Шеруге қатысушылар түрік билігі мен күрдтер арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуды сұраған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, екі жарылыс салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты.