Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 500 адамнан асты

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Түркиядағы жер сілкінісінің құрбандары 27 қазанға шаққанда 523 адамды құрады. Зардап шеккендер саны 1650 адамнан асты.

Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 500 адамнан асты

Қосымша 185 адам қиратындылар арасынан құтқарылды, деп хабарлады РБК Reuters-ке сілтеме жасап.

7,2 магнитудалы жер сілкінісі 23 қазанда Түркияның шығысындағы Ван провинциясында болды. Осыдан кейін аймақта 5,1 және 6,1 магнитудалы жерасты дүмпулері жалғасты. Табиғат апатының соққысынан 2200-ден астам ғимарат қирады.

Осы қайғылы оқиғадан кейін бірқатар елдер, оның ішінде Қазақстан да Түркияға көмек қолын созды.