Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен 5 қазақстандық ауруханаға жатқызылды

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркиядағы жол апатынан 31 адам зардап шеккен, олардың арасында Қазақстан, Беларусь, Ресей, Литва азаматтары бар. Бұл туралы Түркияның оңтүстік-батысындағы Денизли провинциясының Қауіпсіздік басқармасынан хабарлады.
None
None

ҚР Консулдығының мәліметі бойынша, жол апатына ұшыраған автобуста 7 қазақстандық болған. Олардың бесеуімен байланысқан. Олар ауруханада, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін хабарлағандай, Түркияда автобуспен болған жол-көлік оқиғасында төрт Ресей азаматы мерт болып, 27 адам жараланған. Haber Denizli порталының хабарлауынша, қаза тапқандардың саны 6-ға жеткен.

Ал РИА Новости РФ Елшілігіндегі өкілге сілтеме жасап: «Жол апатынан 4 адам қаза тауып, 31-і жарақат алды. Олар бес ауруханаға жеткізілді. Кейбіріне қазір ота жасалып жатыр», - деп хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, жауын-шашын болғандықтан су жолда жүргізуші көлікті басқара алмай, нәтижесінде автобус аударылып қалған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум