Түркиядағы зілзаладан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ
«Түркиялық тараптың алдын ала мәліметі бойынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ», - деп жазды Айбек Смадияров Telegram желісінде.
Еске сала кетсек, 24 қаңтар күні Түркияның шығысында жергілікті уақытпен 20:55-те магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі салдарынан 20 адам қаза тапты.
Жерасты дүмпуінің ошағы Сивридже уезінің Элязыг провинциясында орналасқан.
Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, зілзаладан кейін магнитудасы 2,7-5,4 балдық 60 афтершок тіркелген. Жерасты дүмпуі Эльязыг маңындағы провинциялар (Адана, Хатай, Османие, Тунджели, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатья, Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери) мен Сирияның солтүстігінде байқалған.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.