Түркиядан келіп жатқан туристерге бақылау күшейтілді - ҚР ДСМ

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитеті Түркиядағы туристердің жалпы улануының көбеюіне байланысты алаңдатушылық білдіруде.

Түркиядан келіп жатқан туристерге бақылау күшейтілді - ҚР ДСМ

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осыған байланысты Түркияда жүрген қазақстандық туристер арқылы инфекциялық ауруларды жұқтыру мен таратуды болдырмау үшін халықаралық әуежайларда санитарлық-карантиндік бақылау қүшейтілді. Аурудың себебін анықтау үшін зардап шеккендердің аты-жөндері анықталуда.