Түркиядан Өзбекстанға келген азаматтан 24,6 мың долларлық 2 кітап тәркіленді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Түркиядан Ташкентке келген азаматтың қолынан құны 320 миллион сум тұратын араб тіліндегі ескі кітаптар табылды. 

Түркиядан Өзбекстанға келген азаматтан 24,6 мың долларлық 2 кітап тәркіленді
Фото: ӨР Кеден комитеті

«Ташкент-Аэро» компаниясының хабарлауынша, Ыстамбұлдан Ташкент халықаралық әуежайына келген азаматтың жүктерінің арасында арабша жазуы бар 1 үлкен, мұқабасы қоңыр түсті былғарыдан тігілген кітап және кеден бақылауына уақтылы тапсырылмаған қызыл түсті бір кішкентай кітап бар екені анықталды

Алдын ала сараптаманың қорытындысына сәйкес, кітаптардың құны бүгінгі таңда 320 миллион сумға (шамамен 24 641 АҚШ доллары) бағаланып отыр.

Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Ыстамбұлда өзбекстандық әйел күйеуін пышақтап өлтіргені жайлы жазған едік

Соңғы жаңалықтар