Түркиядан Сирияға 10 ай ішінде жарты миллионнан астам босқын қайтып оралды

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылғы 8 желтоқсаннан бастап, Түркиядан өз еркімен кеткен сириялық босқындар саны 509 387 адамды құрады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Түркиядан Сирияға 10 ай ішінде жарты миллионнан астам босқын қайтып оралды
Фото: Азертадж

Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2016 жылдан бері Түркиядан Сирияға жалпы саны 1 249 390 босқын қайтып оралған.

— Сириялықтарды елге қайтару процесі Түркияның көші-қон басқармасы арқылы үйлестіріледі. Біз үшін ең маңыздысы — адамдардың өз отанына ерікті түрде және қауіпсіз жағдайда оралуы, — деді Ерликая.

Министр Түркия билігінің босқындарға қатысты ұстанымын «миграциялық процестерді басқару моделі» деп атады.

Осыдан бұрын хабарланғандай, Түркияның батысындағы Кутахья провинциясында 5,4 балдық жер сілкінісі болды.

Соңғы жаңалықтар