Түркияға рейстің кейінге қалдырылуына байланысты барлық 13 қазақстандық Иерусалимге оралды - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР СІМ түрік әуекомпаниясының рейсті кейінге қалдыруына байланысты Израильден Түркияға жете алмай жатқан біздің азаматтар жайлы мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі.

Түркияға рейстің кейінге қалдырылуына байланысты барлық 13 қазақстандық Иерусалимге оралды - ҚР СІМ

Бүгін түнде «TezTour» туристік компаниясы Палестинаға жеткізген 13 қазақстандық осы елдегі жағдайға байланысты Түркияға жоспарланған рейстің кейінге қалдырылуына орай, Израильдегі қонсулдың және ҚР Елшілігі қызметкерлерінің күшімен Иерусалим қаласына оралды.

Қазақстандық туристер қала қонақүйлерінің біріне орналастырылды.

Сондай-ақ қазақстандық дипломаттардың көмегімен Вифлеем қаласынан 2 украиндық және 2 ресейлік азамат шығарылды.

Қазіргі уақытта біздің азаматтарды Түркияға жедел жеткізу бойынша барлық құзіретті органдармен белсенді келіссөздер жүргізілуде.