Түркиялық шенеунік: Қазақстан – біздің атажұртымыз

TARAZ. KAZINFORM – Тараз қаласында биыл алғаш рет «KazАgroZhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтіп жатыр.

Түрік
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Түркия Республикасы ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы вице-министрі Гизлигидер Эбубекир Қазақстанды «Атажұртымыз» деп атап, сөзін тараздықтарға түрік туыстардың ыстық сәлемін жеткізумен бастады. 

«Түбі бір түркі халқы үшін тарихи отанымыз — Қазақстанға, тарихтың темірқазығы — Таразға біз ауыл шаруашылығымен айналысатын 100 адамнан астам делегациямен келдік. Өсімдік, тұқым, тыңайтқыштың түр-түрін сіздерге өз елімізден кез келген көлемде жеткізуге мүмкіндігіміз бар.

Әрине, кез келген істе кедергілер болатыны заңды. Бірлесе еңбектену арқылы барлық мәселелерді шешіп, табысты жұмыс істейміз деп ойлаймын. Тек ауыл шаруашылығы саласында емес, білімде, саясатта, мәдениетте де бірлескен жұмыстарымыздың жалғасарына сенімдімін.
Сөзімнің соңын Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті болған Қажыбек Тішбелидің «Бір боламыз, тірлігіміз мықты болсын» деген өсиетімен түйіндеймін», — деді Гизлигидер Эбубекир.

Соңғы жаңалықтар