Түркиялық азамат шылымнан құтылу үшін өзін-өзі темір торға қамады

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Түрік азаматы Ибраһим Юджель жасынан шылым шеккен, енді осы жаман әдетінен арылу үшін ол тиімді тәсіл ойлап тауыпты. Бұдан былай аузына шылымды татып алмас үшін басына металл тор киіп жүруге бел байлаған.
None
None

Байғұс Ибраһим өзінің күшіне сене алмай, шылымнан құтылуға көмектесуі үшін тордың кілтін әйелі мен балаларына ұстатыпты. Қызығы, ол тамақтанғанда, болмаса ұйықтағанда темір торды алып тастайды. Алайда күнде таңертең жұмысқа барарда қызы әлгі «құстың» ұясындай торды басына кигізеді.
42 жастағы азаматтың айтуынша, ол 26 жыл бойы шылым шеккендігіне қарамай, енді өзінің денсаулығына қарауды жолға қойған. Шылымды көп қолданғандықтан, оның әкесі қатерлі ісік ауруына шалдығып, көз жұмған екен.

Соңғы жаңалықтар