Түркиялық клуб «Астана» командасының шабуылшысына қызығушылық танытып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиялық Bursahakimiyet.com.tr мәліметі бойынша, «Астана» командасы сапында «Галатасарайға» қарсы сәтті ойын өрнегін көрсеткен Патрик Твумасиға осы елдің «Бурсаспор» клубы қызығушылық танытып отыр, деп жазады Sports.kz.
Қазақстандық команданың шабуылшысы «Бурсаспордың» трансферлік жоспарынан орын алған. Түрік клубы Ганалық ойыншыға ұсыныс жасауға дайын көрінеді.