Түркияның алтын кенішінде топырақ көшкінінен кейін 9 кеншімен байланыс үзілді
АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Эрзинджан аумағындағы алтын кенішінде топырақ көшкіні болды. Әзірге 9 кеншіден хабар жоқ. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая 9 кеншінің зардап шеккенін, олармен байланыс үзілгенін хабарлады. Оқиға орнына көптеген іздеу-құтқару жасағы (шамамен 400 адам) жіберілді.
Ел президенті Режеп Тайып Ердоған барлық ресурстарды іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдыруды тапсырған.
«13 ақпан күні сағат 14:00 шамасында Эрзинджан провинциясының Илич ауданындағы шахтада көшкін болды және көшкін астында жұмысшылар қалып қойғаны хабарланды. Біздің басқарма қызметкерлері жіберілді, оқиғаны бақылап отырмыз», — деп мәлімдеді Түркияның Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы.
Эрзинжан губернаторы Хамза Айдогду Евфрат өзеніне цианидтің ағуы туралы айыптауларды теріске шығарып, топырақ көшкінінен басқа проблема жоқ екенін айтқан.
Сондай-ақ, Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая TRT News тікелей эфирінде мұнда шахтадан алынған топырақтың жиналып қалғанын және оқиға топырақ жиналуының жылжуы салдарынан болғанын айтқан.
Toprak kayması anı güvenlik kamerasına yansıdı https://t.co/MC5gRaK7Ug pic.twitter.com/e23wNa3jTo
— Anadolu Ajansı (@anadoluajansi) February 13, 2024