Түркияның Қазақстандағы әскери атташесі ауысты

Қорғаныс ведомствосында министрдің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Қазақстандағы Түркия Елшілігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Kazinform.

әскери атташе түркия
Фото: Қорғаныс министрлігі

Іс-шара Түркия Республикасының Қазақстандағы әскери атташесі полковник Фатих Пала миссиясының аяқталуына байланысты ұйымдастырылды.

Әскери ынтымақтастық саласындағы жұмыс қорытындыларын талқылағаннан кейін қазақстандық тарапқа 2023 жылғы қарашада осы қызметте аккредиттелген жаңа әскери атташе подполковник Шенер Кименче таныстырылды.

атташе
Фото: Қорғаныс министрлгі

Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов полковник Фатих Палаға екіжақты байланысты дамытқаны үшін алғыс айтып, жаңадан тағайындалған әскери атташе подполковник Шенер Кименчеге қызметте сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар