Түркияның оңтүстігінде полиция тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM - Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп провинциясында полиция тікұшағы апатқа ұшырады: екі ұшқыш қаза тауып, бір техник жараланды. Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі хабарлады. 

Түркия
Фото: aa.com.tr

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның айтуынша, Нұрдағы ауданы Картал Кою қаласында полиция Бас басқармасының әуе флотының тікұшағы апатқа ұшыраған.

- EM 708 нөмірлі тікұшақ Хатай әуежайынан Газиантеп әуежайына ұшып бара жатқан, соңғы рет экипаж жергілікті уақыт бойынша 22.49-да байланысқа шыққан, - деп хабарлады ведомство басшысы.

Оқиға орнына дереу Ұлттық медициналық құтқару қызметі (UMKE), құтқарушылар, жандармерия қызметкерлері және Түркияның Апаттармен күрес басқармасының (AFAD) топтары жіберілді. Жараланған полицей ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар