Түркияның оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс провинцияларында аптап ыстық болып жатыр

жара
Фото: Anadolu Ajansı

ЫСТАМБҰЛ. KAZINFORM — Түркиялық синоптиктердің болжауынша, шілде-тамыз айларында бүкіл Түркияда ауа температурасы Цельсий бойынша +43 градусқа дейін көтеріліп, рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін.

Түркияда өткен шілдеде аптап ыстық болды. Одан кейін Ыстамбұлда ауа температурасы +41 градусқа дейін көтерілді.

Мұндай ыстық ауа райы соңғы 85 жылдағы рекорд ретінде тіркелді. Метеорологтардың мәліметінше, 1938 жылы ең жоғары жылу +40 градус Цельсий болған.

Ал, Анталия курортында ауа температурасы қазірдің өзінде +37 градусқа дейін көтерілсе, елдің батысында - Измир облысында +36 градусқа дейін көтерілді.

Ыстықтың кесірінен түнде де түрік жағажайлары туристер мен жергілікті тұрғындарға толды.

Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде термометрлер қазір рекордты жаңартып жатыр. Шанлыурфа провинциясында ауа температурасы +49 градусқа дейін көтерілді. Адамдар көлеңкеде тығылып, субұрқақтар мен басқа да су айдындарында шомылуда.

Соңғы жаңалықтар
telegram