Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркияның жағалау күзеті 1,6 тоннадан астам есірткі тәркіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның жағалау күзеті биылғы жылдың басынан бері елдің аумақтық суларында заңсыз есірткі тасымалының 54 жағдайын тоқтатты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі.

Береговая охрана Турции изъяла более 1,6 тонны наркотиков
Фото: hurriyetdailynews.com

Тиісті ведомстволардың хабарлауынша, Түркияның жағалау күзеті жыл басынан бері теңіздегі 54 арнайы операция барысында 1,6 тоннадан астам есірткі заттарын тәркіледі.

Тексеру барысында сондай-ақ 19 591 дәрі, 640 каннабис өсімдігі және 2 миллилитр сұйық есірткі анықталған. Бұдан басқа, қызметкерлер 32 бөлек арнайы операция кезінде 152 тапанша, 395 оқ-дәрі, атыс қаруының 115 бөлшегін және төрт мылтық тәркіледі.

Бұл ретте кедендік тексерулер нәтижесінде 215 мыңнан астам контрабандалық тауар, 8 мыңға жуық темекі қорабы, 5650 сигара және 221 кг темекі анықталды. Құқық қорғаушылар сонымен қатар 20 402 литр контрабандалық отынды тәркілеп, салықсыз сатуға арналған 632 225 литр дизель отынының заңсыз пайдаланғанын анықтады.

Түркия қызметі жыл басынан бері бұғаздардағы 189 кемеге күзет қызметін көрсетті. Тағы 1656 кеме 2024–2025 жылдары қорғалды.

Осы арада билік теңізді ластанғаны үшін 141,33 млн түрік лирасы (шамамен 3,67 млн доллар) көлемінде айыппұл салды, 219 бұзушылық бойынша санкция салынды.

Елде контрабанда, есірткі тасымалы және басқа да қылмыстық әрекеттерге қарсы тұру үшін теңіз шекарасын бақылау күшейтілген.

Осыған дейін Түркия кедені төрт айда 750 млн долларлық контрабанданың жолын кескенін жаздық.