Түркияның 2 қаласында коменданттық сағат жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысындағы Юксекова және Нусайбин қалаларында коменданттық сағат жарияланды. Оның қашанға дейін созылатыны әзірге белгісіз.
None
None

Алдағы уақытта мұнда «Күрдістанның жұмысшы партиясына» қарсы арнайы операция басталмақ. Юксекова қаласындағы қатаң тәртіп тәулік бойы күшін жоймайды. Мұнда бір апта ішінде 80 танк жіберілген.

Шаһарға кіруге және одан шығуға да тыйым салыныпты. Жалпы, Түркия билігі бұған дейін де елдің оңтүстік-шығысындағы бірқатар ауданда коменданттық сағат жариялаған болатын. 2015 жылдың желтоқсанынан бері лаңкестікке қарсы операция барысында мыңнан астам күрд содырының көзі жойылған екен.

Соңғы жаңалықтар