Түркияның академиялық топтары «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадамды» жоғары бағалады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Хатай қаласының университетінде Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадамның» негізгі қағидалары бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
None
None

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, конференция жұмысына университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, ел академиялық топтарының өкілдері, ТР Парламенті депутаттары, алдыңғы қатарлы қоғамдық-саяси және мемлекеттік қайраткерлер, олардың ішінде Хатай провинциясының губернаторы Ержан Топаджа, қала мэрі Түтфу Саваш, биліктегі Әділет және даму партиясының депутаты Мехмет Онтүрік, Хатай университетінің ректоры профессор Хасан Кая, ҚР-ның ТР-дағы Елшісі Ж.Түймебаев, сондай-ақ қала жастары мен студенттер қатысты.

Ж.Түймебаев өзінің кіріспе сөзінде қатысушыларды Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен қабылданған «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасының негізгі қағидаларынан хабардар етті.

Хатай провинциясының губернаторы Е.Топаджа өз сөзінде әлемдік қауымдастықта көрнекті реформатор ретінде мойындалған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары» атты бағдарламасының ерекшелігін атап өтті.

«Сәтті мемлекеттердің даму тәжірибесінің ең үздігін алған Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мәселесі Қазақстанды жаңа даму кезеңіне шығарып, әлемнің ең қарышты дамыған елдерінің қатарына шығара алады. Біз өз тарапымыздан аталған ірі бағдарламаның жүзеге асырылуына үлес қосуға дайынбыз», - деді ол.

Мұстафа Кемал Ататүрік атындағы университетінің ректоры профессор Хасан Кая қазақстандық «Ұлт Жоспарының» барлық саланы қамтитын құжат екендігіне баса тоқталды.

Қатысушылар сондай-ақ ҚР Президентінің түрік қоғамында да қолдауын тауып жатқан мәдениеттер мен діндер арасындағы диалог саласы бойынша бастамаларын жоғары бағалады.

Іс-шара аясында Қазақстан туралы бейнеролик көрсетіліп, түрік тіліне аударылған Қазақстан туралы кітаптар көрмесі мен қазақ-түрік қарым-қатынастары туралы фото көрме ұсынылды.

Айта кетсек, Хатай - Түркияның әлеуетті провинциясы, Сириямен шекарадан 30 шақырым жерде орналасқан және үш негізгі ислам, христиан мен иудаизм діндерінің бейбіт қатар өмір сүретін аумағы. Хатайдың алғашқы тұрғындары ассириялықтар болған. Олар мұнда б.э. ІІІ ғасырда келген. Провинцияның аумағында көптеген мешіттер, монастырьлер мен шіркеулер бар. Олардың ішінде көне сириялық христиандар құрған әлі де жұмыс істеп жатқандары жетерлік.

Соңғы жаңалықтар