Түркияның Анталья қаласында туристер үшін «тығыз" байланыс желісі ашылды
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Түркияның Анталья қаласында шетелдік туристер үшін 179 «тығыз байланыс» телефон желісі ашылды.
Енді орыс, ағылшын немесе неміс тілін білетін кез келген демалушы 179 нөмірін тегін теріп, қажетті ақпараттарды ала алады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Анталья уәлаятының мәдениет және туризм департаментінің басшысы Ибрагим Аджардің айтуынша, call-орталықты ашуға тікелей өкім берген Түркияның мәдениет және туризм министрі Эртугрула Гюнай көрінеді.
Телефон желісі тестілік режимде сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді. Қазір науқанның қызуына байланысты толық қуатында жұмыс істеуде. «Қазір бізде демалушылардан телефон қоңырауын қабылдайтын бес қызметкер бар. Алдағы уақытта мүмкіндігіне қарай штатты бұдан да кеңейте түсу көзделуде », - деді Аджар.