Түркияның бірнеше провинциясында су тасқыны болды

None
None
АНКАРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Түркияның Қара теңіз жағалауында толассыз жауған нөсер салдарынан су тасқыны болып, көпірлер қираған және бірнеше ауыл жарықсыз қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Су тасқыны Синоп, Бартын, Карабюк және Кастамону провинцияларында болған. Түркияның солтүстік провинциясы Бартында көпір қираған. Төтенше жағдай салдарынан 13 адам зардап шегіп, бір адам жүрек талмасынан көз жұмған


Төтенше жағдайлар және табиғи апат басқармасының (AFAD) мәліметінше, 12 ауылда жарық өшкен. Сондай-ақ, ғимараттардың бірінші қабаты су астында қалған. Су көліктерді шайып кетуде.

Қазіргі уақытта іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Тұрғындарды су басқан үйлерден эвакуациялауда.


Соңғы жаңалықтар