Түркияның бұрынғы президенті өмір бойы бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның экс-президенті Кенан Эврен 1980 жылы мемлекеттік төңкеріс жасағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Түркияның бұрынғы президенті өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Анкараның оныншы қылмыстық соты 96 жастағы бұрынғы мемлекет басшысын және 88 жастағы бұрынғы әскери әуе күштерінің қолбасшысы Тахсин Шахинкайды мемлекеттік билікке қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныды.

Еске сала кетейік, Түркиядағы 1980 жылғы әскери төңкеріс салдарынан әскери диктатура орнаған болатын, онда көптеген азаматтар құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалауға түсіп, жапа шеккен.