Түркияның «Галатасарай» клубын әйел адам жаттықтыратын болды
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 24 жасар футболшы қыз Дуйгу Эрдоған Түркияның чемпионы «Галатасарай» клубын жергілікті біріншіліктің бір матчына бастап шығаратын болды. Бұған клубтың бас бапкері Фатих Теримнің «Мерсинамен» (3:1) ойында қызыл қағаз алуы себеп болды, деп хабарлайды РБК.
Эрдоған «Галатасарайды» «Карабюкспор» командасына қарсы ойынға баптайды. Дуйгу жақында ғана бапкерлік лицензияға ие болған екен, сондықтан да команданы жаттықтыруға толық құқығы бар.
Ф. Терим болса «Галатасарайды» УЕФА-ның Чемпиондар Лигасының ширек финалындағы Мадридтің «Реалына» қарсы қарымта кездесуге жаттықтырып жатыр. Испанияда өткен бірінші ойын «Реалдың» пайдасына 0:3 есебімен аяқталған еді.