Түркияның Киркук-Юмурталык мұнай құбырында жарылыс болды

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні Түркияның Мардин елді мекенінде Ирактан Түркияға мұнай жеткізілетін Киркук-Юмурталык мұнай құбырында жарылыс болды, деп хабарлады Тренд жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Түркияның Киркук-Юмурталык мұнай құбырында жарылыс болды

Жарылыстың салдарынан мұнайдың жеткізілуі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды РБК.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстың орын алуына Күрдістан жұмысшы партиясының лаңкестік қаскүнемдігі себеп болды. Күрдістан жұмысшы партиясының содырлары жүйелі түрде бейбіт халыққа, сондай-ақ елдің қауіпсіздік күштеріне қарсы терактілер ұйымдастырып отырады.

Түркия мен тәуелсіз күрд мемлекеті болуды талап етіп келе жатқан Күрдістан жұмысшы партиясы арасындағы жанжал 25 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Арадағы ұрыстың салдарынан 40 мыңнан астам адам ажал құшты. Күрдістанның жұмысшы партиясын БҰҰ мен Еуроодақ та лаңкестік ұйым деп санайды.