Түркияның оңтүстігінде інжіл мәтіндерінің мозаикасы табылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстігіндегі Адана әкімшілік облысында археологтар інжіл мәтіні бар көлемі 120 шаршы метрді құрайтын мозаиканы тапты, деп хабарлады жергілікті BGN News порталы.
Грек тіліндегі інжіл мәтінінен бөлек ұзындығы 15 метр, ені 8 метр мозаикада 16 үй және жабайы жануарлар бейнеленген. Олардың ішінде қасқыр, қой, қабылан, арыстан, өгіз, жылан бар.
Мозаикада Иса пайғамбардың сөздері келтірілген "Қасқыр мен қозы бірге бағылады, арыстан да өгіз сияқты шөп жейді, ал жылан үшін шаң азық болады: олар менің қасиетті тауымда зұлымдық жасамайды және зиян тигізбейді, дейді Құдай."