Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркияның оңтүстігінде Сирия әскерінің ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Премьер-министрі Бинали Йылдырым елдің оңтүстігіндегі Хатай провинциясында Сирия ӘӘК ұшағы апатқа ұшырағанын мәлім етті, деп хабарлайды Sky News Arabia.

Түркияның оңтүстігінде Сирия әскерінің ұшағы апатқа ұшырады

БАҚ-тардағы мәліметке сүйенсек, "Ахрар аш-Шам" лаңкестік тобы Сирияның МиГ-21 ұшағын атып түсіргенін жариялаған. Ұшқыш дер кезінде катапульт жасап үлгерген және Түркия аумағына қонған.

Енді бір дерек бойынша, ұшақты ешкім атып түсірмеген. Ұшқыш қозғалтқыштың істен шығуына байланысты құтқару тетігін пайдаланып, секіріп кеткен. Деректер нақтылануда.