Түркияның оңтүстігінде жойқын жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында болған жарылыстан кемі 7 адам жапа шекті. Бұл туралы CNN Turk хабарлайды.

Түркияның оңтүстігінде жойқын жарылыс болды

Мәлімет бойныша, жарылыс бес қабатты тұрғын үйге жақын жерде болған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен полицейлер үй тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді.

Алдын ала мәлімет бойынша, үйдің алдында тұрған мотоцикл жарылған.