Түркияның оңтүстік-шығысында 5 орман өрті сөндіріліп жатыр
МУҒЛА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысындағы Муғла провинциясында орман өртін сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Мұнда қазір 5 өрт ошағында құтқарушылар әуеден де, жерден де жұмыс істеуде.
Муғладағы қызыл жалынды ауыздықтауға 6 ұшақ, 39 тікұшақ, көптеген өрт сөндіру көлігі мен ТОМА суатқыштары және басқа да бірқатар техника түрлері қолданылып отыр.
Сондай-ақ 1 мыңнан астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.
Ормандағы тілсіз жаудың бетін қайтаруға Әзербайжаннан көмекке келген бір тікұшақ, бір ұшақ және 300 құтқарушы, ресейлік екі өрт сөндіруші ұшақ, сонымен қатар ирандық бір ұшақ пен екі тікұшақ, Испаниядан жеткен екі ұшақ қолұшын беріп жатыр.