Түркияның оңтүстік-шығысында бомба жарылып, 6 адам қаза тапты
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында болған жарылыстан алты адам қаза тапты, олардың төртеуі тәртіп сақтау органдарының қызметкерлері.
Сондай-ақ жарылыстан екі жергілікті тұрғын көз жұмса, оның бірі екі жастағы нәресте, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Жарылыстан жарақат алған адамдар туралы ақпарат бар, алайда олардың нақты саны анықталған жоқ.
Жеріглікті БАҚ таратқан мәліметтерге сүйенсек, бомба қашықтықтан іске қосылған. Оқиға Гюроймак уезіндегі Битлиз провинциясында орын алды, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Тергеу бойынша, оқиғаға Күрдістан Жұмысшы партиясы (КЖП) содырларының қатысы бар болуы мүмкін, алайда әзірге ешбір лаңкестік топ жарылыс үшін жауыпкершілік алған жоқ.