Түркияның оңтүстік-шығысында қуатты жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр қаласында қуатты жарылыс болды. Бұл туралы ТАСС Haber Turk телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
AFP агенттігі өз кезегінде оқиғасының полиция учаскесінің маңында орын алғандығын және кем дегенде төрт адамның зардап шеккенін хабарлайды. Қайғылы жағдай туралы қосымша ақпарат берілмеген.