Түркияның оңтүстік-шығысында мұнай құбырын жарып жіберді

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Ирактың Киркук қаласы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі Джейхан портты қаласын байланыстыратын елдің оңтүстік-шығысындағы қатар жатқан екі мұнай құбырының бірі жарылып, өрт құшағына оранды.

Түркияның оңтүстік-шығысында мұнай құбырын жарып жіберді

Бұл ақпаратты жаратқан шетелдік БАҚ-тардың мәліметі бойынша, жарылыс салдарынан зардап шеккендер жоқ.

БАҚ өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға Мидьят қаласының ауданында орын алған. Оқиға салдарынан қатар жатқан екі құбырдың бірі қатты зақымданса, екіншісі дін аман. Дегенмен, қауіпсіздік үшін оның жұмысы уақытша тоқтатылды. Өрт сөндірушілер әлі де қызыл жалынмен алысуда. Тілсіз жаудың алды алынғаннан кейін құбырды жөндеу жұмыстары басталады.