Түркияның оңтүстік-шығысында тікұшақ құлады, 17 әскери қызметкер қаза болды

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Түрік билігі елдің оңтүстік-шығысында тікұшақтың құлауы салдарынан 17 әскери қызметкер мерт болғандығын мәлімдеді, деп хабарлады Би-Би-Си.
None
None

Сиирт провинциясы губернаторының сөзіне қарағанда, апат ауа райының қолайсыздығынан болды.

Губернатор Ахмет Айдын сондай-ақ, қаза тапқандардың барлығы  арнайы мақсаттағы бөлімшенің әскери қызметкерлері болғандығын хабарлады.

Түркияның оңтүстік-шығыс аудандары күрд содырларына қарсы жүргізілетін түрік армиясының операциялар аймағы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар