Түркияның оңтүстік-шығысында жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиялық Газиантеп қаласында полицей учаскесінің маңында жарылыс болды. Бір тәртіп сақшысы ажал құшты, деп хабарлады, РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар отыз адам зардап шекті деген ақпарат бар.
Агенттіктің мәліметінше, миналанған көлік жарылыпты. Жарылыстан кейін содырлар мен полицейлер арасында атыс басталды. DHA агенттігі жарақаттанғандардың ішінде полицияның тоғыз қызметкері бар екенін айтты.
Аудан қоршауға алынды, оқиға орнына жедел жәрдем көліктері жетті.