Түркияның оңтүстік-шығысында жарылыс салдарынан 4 әскери қызметші қаза тапты
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында жарылыс салдарынан 4 әскери қызметші қаза тауып, 5-еуі жарақаттанды,
деп хабарлады РБК.
Жарылыс әскери қарауылшы жасақ Хаккари провинциясының тас жолымен өтіп бара жатқанда орын алған. Лаңкестік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болжам бойынша жарылысты күрд содырлары жасаған.
Естеріңізге сала кетейік, Хаккари порвинциясында Күрд жұмысшылар партиясының сепаратистеріне қарсы операциялар жүргізілуде. Түрік билігінің мәліметтері бойынша, соңғы апта ішінде 80-нен астам содыр өлтірілді. Операция басталған 2012 жылдың ақпанынан бергі аралықта 330 содырдың көзі жойылды.