Түркияның Президенті Қырғызстанға сапар жасамақшы

БІШКЕК. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – Алдағы аптада Қырғыз Республикасына Түркияның Президенті Абдулла Гюль ресми сапармен келмекші,

Түркияның Президенті Қырғызстанға сапар жасамақшы
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша сапар мамырдың 26-сы мен 28-і күндері өтеді. Сапар қорытындысы бойынша екі мемлекеттің бірлескен декларациясына және ғылыми-техникалық сала мен қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық мәселелерін қоса алғанда түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.